Главная » Төтенше жағдай

Төтенше жағдай

Топан суға ерік жоқ!..

Оңтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынын алдын алу жұмыстары  қарқын алуда. Бүгінде Жамбыл облысының тауларында қардың қарқынды еруі және жауын-шашынның көп жаууына байланысты ОҚО төтенше жағдайлар департаменті қызметі мен Түркістан, Арыс қалаларының, Отырар, Бәйдібек аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп жағалауларды бекіту және алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, кеше Отырар ауданында облыстық маңызы бар Шәуілдір – Ақдала тасжолының 3 шақырымындағы дамбаға ұзындығы 150 метр ...

Читать далее »

Апаттың алдын алайық!

Оңтүстік Қазақстан облысында жол саласына қатысты мамандар қыста атқаратын міндеттерін аяқтап, көктемдегі шараларға кірісіп кетті. Нақтырақ айтқанда, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын ұйымдастырып жүрген «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мамандары бүгінде Түркістан және Арыс қалалары мен Созақ, Түлкібас, Ордабасы аудандарында жағдайды қалпына келтіріп, көліктердің қауіпсіз ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстарды атқаруға мекеменің 100-ден астам жұмысшылары жұмылдырылған. Атап айтсақ, ...

Читать далее »