Главная » Cаясат » Ардагер ме, абыз ба, ақсақал ма?

Ардагер ме, абыз ба, ақсақал ма?

Кейде жақсы бір бастаманы салқын сөзбен су сепкендей етіп жіберу әбден мүмкін. Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары облыс орталығында тұратын зиялы қауым өкілдерімен кездеспек ниетте, қала әкімдігінде алқалы жиын өткізіп, оған бірқатар «ардагерді» шақырды. Ащы болса да, шындықтың бет-пердесін ашуға тура келіп отырғаны – жиі-жиі өткізіліп тұратын осы тектес үлкенді-кішілі шараларға шақырылушылар тізімі өзгеріссіз қатып қалған күйі сақталатыны неліктен?!. Қайран қаласың!..
«Аты дырдай» деп таныстырып қойған он шақты адамнан басқа бүкіл қаламызда ардагер қалмағандай күй кешесің. Мәселен, сөз алған Байдулла Қонысбек: «Мен 52 жылдан бері сайлаушымын, бір де бір сайлауды жіберген емеспін» дей келе, өзі тұратын «Дархан» жақтың депутаттарының аты-жөнін білмейтін болып шықты. Онымен тұрмай, ардагерлер қатарында шақырылғандардың арасында соңғы кездері сынға жиі ұшырап жүрген бір «пендені» де байқап қалдық. Сонда қария бар да, абыз жоқ болып отырғаны ма? Әлде мәслихат өзге ешкімді танымайды ма?..

Әсет Әссанди

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*