Главная » Cаясат » Береке басы ауылда!..

Береке басы ауылда!..


Оңтүстік Қазақстан облысындағы шардаралық диқандар инновациялық әдіспен пияз егу жұмыстарын бастады. Бес жылдан бері пияз егу жұмысымен айналысып келе жатқан «Тұрар» шаруа қожалығы биылғы жылы 35 гектар алқапқа дән сеуіп жатыр. «Ранко» деп аталатын жаңа тұқым сортын егіп жатқан диқандар мұның өнімі бітік боларына сенімді. Өткен жылы шаруалар еккен пияздың гектарына 80 тоннадан өнім алса, биыл гектарына 100 тоннадан астам өнім алуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, пияз тұқымын бір мезетте бірнеше жұмысты атқаратын жаңа заманауи техникамен сеуіп жатыр. Яғни, техника, біріншіден арасы 3 см-ден тұқым тастаса, екіншіден, тамшылатып суғаратын су түтігін қоса көмуде. Сондай-ақ, бір гектар жерге 6 келідей тұқым кетсе, жоғары сортты тұқымның бір келісі 64 мың теңге тұрады. Жерді жыртудан бастап, жиын-терім науқанына дейінгі жалпы шығынның көлемі әр гектарға 1 млн. 300 мың теңгеден жұмсалады екен. Алайда, түскен өнім кеткен шығынды еселеп жабады дейді диқандар.

Шардара ауданындағы Жаушықұмның жуасы жалпақ жұртқа жақсы таныс. Тіпті, 2013 жылы Мәскеуде өткен жәрмеңкеге «Тұрар» шаруа қожалығы 20 тонна өнім апарып ұсынған болатын.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*