Главная » Ауыл шаруашылығы » Апаттың алдын алайық!

Апаттың алдын алайық!

Оңтүстік Қазақстан облысында жол саласына қатысты мамандар қыста атқаратын міндеттерін аяқтап, көктемдегі шараларға кірісіп кетті.
Нақтырақ айтқанда, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын ұйымдастырып жүрген «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мамандары бүгінде Түркістан және Арыс қалалары мен Созақ, Түлкібас, Ордабасы аудандарында жағдайды қалпына келтіріп, көліктердің қауіпсіз ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстарды атқаруға мекеменің 100-ден астам жұмысшылары жұмылдырылған.
Атап айтсақ, «Оңтүстік жолдары» жұмысшылары дәл қазіргі таңда Созақтағы КХ-57 «Созақ-Қарағұр-Бақырлы» автомобиль жолындағы су құбыры бұзылған 37+900 шақырымын қайта қалпына келтіріп, монтаждау жұмыстарын жүргізген болса, Түлкібастың КХ-69 «Тастұмсық-Жыланды-Азаттық-Шұқырбұлақ» автомобиль жолының 69+950–69-650 шақырымдарындағы су құбырларында орын алған тасқын суды арнайы техникалармен қалпына келтіру шаруаларын атқарып жүр. Түркістанда да жағдай осы іспеттес. Онда қазіргі таңда КХ-58 «Түркістан-Балтакөл-Нұртас ауылы-Шорнақ-Қарнақ-Кентау» 69+500 шақырым аралықтарын және КХ-84 «Түркістан-Балтакөл» автомобиль жолының 19-26 шақырым аралықтарында тасқын су жүруде. Нысандағы бүгінгі ахуалды мамандар дамбы салу арқылы тұрақты жағдайда ұстап отыр.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұттың мәліметінше, жауын-шашын басылып, тасқын судан келетін қатер басылғанша мекеме мамандарымен жағдай тұрақты бақылауда болады. Ал жалпы, жоғарыда аталған аудан, қалалардан өзге өңіріміздің басқа да аймақтарындағы ахуал қанағаттарлық.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*