Главная » Руханият » Түркістанда театр бар!

Түркістанда театр бар!

Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметов – Мемлекеттік және Жастар сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан мен Қырғызстанның өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстанның Халық артисі, профессор, Құрмет Орденінің иегері, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының бас жүлдегері, Еуропаның «Театр өнері» номинациясы бойынша белгіленген алтын медалінің, “Түркі әлеміне еткен еңбегі үшін, өнер әдебиет сыйлығы” иегері, ЖҒА академигі, Түркістан қаласы сазды-драма театрының негізін қалаушы әрі тұңғыш көркемдік жетекшісі.

Түркістан драма театры Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен, облыс әкімі Б.Сапарбаевтың №83-ші шешімімен 2000 жылдың 9-наурызында ашылды.

Түрікстан қаласының сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі болып, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, ҚР Халық әртісі, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының бас жүлдегері, профессор Р.Н.Сейтметов тағайындалды.

2000 жылы Алматы қаласында өткен «Европа бірлігі» театр фестиваліне қатысты. Бірінші күні Қазақстанның атынан Б. Вахапзаденің «Көк Түріктер» спектаклін ойнаса, екінші күні Түркия мемлекетінің арнайы өтінішімен «Көк Түріктер» спектаклін түрік тілінде ойнады.

2000 жылы «Көк Түріктер» спектаклімен Түркия мемлекетінің арнайы шақыруымен Анкара, Сивас, Кайсери, Қырықкәле, Кония, Нидде, Маталия, Ерзум, Герсун, Анталия, Спарта сияқты қалаларында гастрольдік сапарда болып қайтты.

2001 жылы қазан айында «Оңтүстік Қазақстанның Астанадағы күндері» бағдарламасы бойынша театр труппасы Астанада «Көк Түріктер» спектаклін қойып қайтты.

2001 жылы 1-ші қарашада театрымызда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қонақта болып, «Көк Түріктер» спектаклін көрді.

2001 жылы облыс көлемінде өткізілген «Ең үздік режиссер» Бас жүлдесіне театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның халық әртісі Р.Н.Сейтметов ие болды.

2002 жылы 9-шы қаңтарда облыстық Мәдениет басқармасының №7 бұйрығымен «Түркістан қаласының сазды-драма театры» болып қайта аталды.

ҚР Халық әртісі Р.Сейтметов 2003 жылы 31-ші қаңтарда Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығын иеленді.

Сол жылы Еуропаның «Театр өнері» номинациясы бойынша белгіленген алтын медалімен қыркүйек айының 3-ші жұлдызында Прага қаласында марапатталды.

Театр труппасы 2003 жылдың сәуір айында Шымкент қаласында, 2004 жылдың сәуір айында Қызылорда қаласында 10 күндік гастрольдік мәдени іс-сапарларда болып қайтты.

2004 жылдың ақпан айында Қадыр Мырзалиевтің «Әмір Темір» атты поэтикалық драмасының премьерасы автордың қатысуымен өтті.

2005 жылы театр Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы академиялық театрда апталық гастрольдік сапарда болды. 2005 жылы облыс көлемінде өткізілген «Ең үздік актер» жүлдесін театрдың актері Айдар Наурызбаев иеленді.

2005 жылы «Ауыл жылдары» аясында атқарылған жұмыстарға белсене араласып, мәдениетіміз бен киелі өнерімізді дамыту мен ауыл мәдениетін көтеруге қосқан үлесі үшін Гүлзада Айтбаева және Бағлан Төлендиев марапатталды

2006 жылы 27-ші наурызда Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы Мәдениет басқармасы «Айша Абдуллина атындағы ең үздік актриса» номинациясының иегері болып Гүлзада Айтбаева танылды.

2006 жылдың сәуір айында Астана, Қарағанды қалаларында гастрольдік сапарда болып қайтты. Театрымыздың Астанадағы күндерінде ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы О.Мұхамеджанов қатысып, театр ұжымын құттықтады.

2006 жылдың мамырында Түркияның Анкара, Стамбул, Измир, Бурса, Анталия қалаларын аралап, гастрольдік сапармен барып келді.

2006 жылы 30-шы желтоқсанда Түркістан сазды-драма театры Оңтүстік Қазақстан облысының «Жылдың ең үздік мәдениет және өнер мекемесі», «Алтын қанат» номинациясымен марапатталды.

2007 жылдың 17 мамыр күні Түркістан қаласының сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі, ҚР халық әртісі, профессор Райымбек Сейтметовке “Түркі әлеміне еткен еңбегі үшін өнер әдебиет сыйлығы” берілді.

2007 жылы 3-ші қараша күні Мемлекеттік және Жастар сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан мен Қырғызстанның өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстанның Халық артисі, профессор, Құрмет Орденінің иегері, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының бас жүлдегері, Еуропаның «Театр өнері» номинациясы бойынша белгіленген алтын медалінің, “Түркі әлеміне еткен еңбегі үшін өнер әдебиет сыйлығының” иегері, ЖҒА академигі, Түркістан қаласының сазды-драма театрының негізін қалаушы әрі тұңғыш көркемдік жетекшісі Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметов өмірден озды.

2008 жылы 3-ші қаңтар күні облыстық Мәдениет басқармасының және облыс әкімінің шешімімен Түркістан қаласының сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі болып ҚР Еңбек сіңген қайраткері, ҚР Халық әртісі, профессор Ерғали Сиябекұлы Оразымбетовты тағайындады.

2008 жылдың 24-30 қараша аралығында Ақтау қаласында өткен, Н.Жантөриннің 80-жылдығына арналған Қазақстан театрларының XVI республикалық фестиваліне Түркістан қаласының сазды-драма театры Шот-Аман Уәлихановтың «Кадет Шоқан» спектаклімен қатысты. Осы фестивальда спектакльдің қою режиссері Е.Оразымбетов «Қойылымның ең үздік режиссерлік шешімі үшін» арнайы Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаның дипломымен марапатталды. Және Түркістан қаласының сазды-драма театры «Н.Жантөриннің 80 жылдығына арналған Қазақстан театрларының ХVI Республикалық фестивалінде танытқан белсенділігі» үшін Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаның дипломымен марапатталды.

2009 жылдың қыркүйек айының 21-27 жұлдызы аралығында Қарағанды қаласында өткен Біржан сал Қожағұлұлының 175-жылдығына арналған Қазақстан театрларының ХVII театр фестиваліне Түркістан сазды-драма театры ҚР Еңбек сіңген қайраткері, ҚР Халық әртісі, профессор Ерғали Сиябекұлы қойған Д.Исабековтың «Құстар фестивалі» атты мюзикл-комедисымен қатысып, қоюшы режиссер «Ең үздік режиссері» атанып және үздік режиссерға берілетін «Алтын маска» жүлдесін иеленді.

2010 жылдың 5-6 қараша күндері театрдың 10-жылдығына және театр негізін қалаған Р.Н.Сейтметовке арналған әдеби музыкалық еске алу кеші өтті. Еске алу кешіне Р.Сейтметовтың жанұясы және Ә.Сығай, Қ.Мырза-Әлі, Д.Исабеков сияқты өнер қайраткерлері қатысты.

2011 жылы облыстық Мәдениет басқармасының бұйрығымен театрға Арынов Ғазиз Арынұлы көркемдік жетекші болып тағайындалды.

2011 жылдың ақпан айында театр артистері Гүлзада Айтбаева және Талғат Қарынбаев «Серпер» жастар сыйлығының лауреаттары атанды.

2011 жылдың 25-27 наурыз аралығында «Театр Көктемі – 2011» республикалық аймақтық театр фестиваліне Ж.Жұматтың «Абақты ғұмыр» қойылымымен қатысып, «Үміт» номинациясын иеленді.

2011 жылдың сәуір айының 5-9 жұлдызы аралығында Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласында өткен «Навруз – 2011» атты ІІІ Кәсіби театрлардың Халықаралық фестивальға Қазақстан Республикасының атынан Түркістан қаласының сазды-драма театры Б.Вахапзаденің «Көк Түріктер» атты тарихи драмасымен өнер көрсетті. Тәжікстан мемлекетінің мәдениет министрі Мирзошохрух Асрори мырза арнайы алғыс айтып, дипломмен марапаттады.

2012 жылдың наурыз айының 1-ші жұлдызында марқұм Сейтметов Райымбек Ноғайбайұлының туылған күніне орай «Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметов атындағы өнерлі жастар арасындағы І-ші көркем сөз оқу шеберлерінің» байқауы өтті.

2012 жылдың наурыз айының 2 күні Түркістан қаласының сазды-драма театрының негізін қалаушы Р.Н.Сейтметов еске алу мақсатында «Мен өнерде де, өмірде де бақыттымын!» атты әдеби-музыкалық еске алу кеші өтті. Еске алу кешіне қала басшыларымен қатар Р.Сейтметовтың көзін көрген зиялы қауым және ақсақалдар алқасы қатысты.

2013 жылды театр Р.Н.Сейтметовтың 75 жылдығына орай «Райымбек Сейтметов жылы» деп жариялады. 1-наурыз күні «ІІ Өнерлі жастар арасындағы облыстық көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы» өтсе, 2-наурыз күні «Мен, өнерде де, өмірде де бақыттымын!» атты әдеби музыкалық еске алу композициясына және Р.Сейтметовтың мұражай үйін ашу салтанатына ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбегі сіңген қайраткер Ә.Сығай, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің вице-президенті, жазушы-сыншы, профессор Қ.Ергөбек, Р.Сейтметовтың ұлы– ҚР еңбек сіңірген қайраткері А.Сейтметов және Р.Сейтметовтың жары Нинель Мырзакерімқызы, Жәннат Райымбекқызы қатысты.

2013 жылдың наурыз айының 1-ші жұлдызынан бастап театрдың алғашқы директоры Өскенбай Бейсенбайұлы Ташенов зейнетке шықты.

2013 жылдың сәуір айның 18-жұлдызынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының басшысы Күлия Айдарбекованың №59 бұйрығымен театрдың директоры болып Р.Н.Сейтметовтың шәкірті Ержан Ибадуллаұлы Исатаев тағайындалды.

25-наурыз күні Жетісайда өткен Халықаралық кәсіби театр күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Театр көктемі – 2013» облыстық кәсіби театрлар фестивалінде Еврипидтің «Троя ханшасы» атты моно қойылымымен өнер көрсетіп, «айрықша шығармашылық табысы және әлемдік классиканы насихаттағаны үшін» номинациясымен марапатталды.

2014 жылдың наурыз айының 4-жұлдызында марқұм Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметовтың туған күніне орай қалалық ІIІ көркем сөз байқауы өтті.

Сәуір айының 2-4 аралығында өткен «Театр көктемі – 2014» облыстық фестивалінде театр труппасы Ж.Жұматтың «Тірі жан» драмасын қойып, «Өзекті мәселені көтергені үшін» номинациясымен марапатталды.

2014 жылдың қыркүйек айының 22 – 28 жұлдыз аралығында Астана қаласында өткен әнші, актер, ақын, драматург Қ.Жүнісовтің «Өнерге тағзым» атты шығармашылық апталығында театр репертуарындағы осы автордың «Ғашықтар хикаясы» атты комедиясымен Е.Исатаевтың басшылығымен өнер көрсетіп, гастрольдік іс-сапарда болдық.

2014 жылдың қазан айының 9 – 10 жұлдызында өткен ақын, публицист-жазушы Саттар Ерубаевтың 100 жылдық мерейтойына арнайы ХҚТУ Түркология ғылыми инситутының директоры, филолология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбектің «Шырақ сөнген түн» атты драмасының тұсаукесерін өткіздік.

2014 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқаны үшін Аяз Илясов жылдың «Үздік әртісі» номинациясының иегері болып танылды.

Театр әртісі Б.Төлендиев облыс әкімі А.Мырзахметовтың «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

2015 жылдың 2-наурыз күні Р.Н.Сейтметов атындағы өнерлі жастар арасындағы ІV облыстық көркем сөз оқу шеберлері байқауы өтті.

2015 жылдың 2-4 сәуір аралығында Қазақ хандығының 550 жылдығына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған, Шымкент қаласында «Театр көктемі – 2015» облыстық театр фестивалінде Түркістан қаласының сазды-драма театры Ә.Нұршайықов, А.Сапышевтың «Махаббат қызық мол жылдар» драмасымен «Көрермендер көзайымы» номинациясына және театр актрисасы «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясына ие болды.

2015 жылдың 18-сәуірінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Қ.Ысқақ, Шахимарденнің «Қандық аманат таңбалы тас» атты тарихи драманың тұсаукесері өтті. Бұл қойылымның режиссері – Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық драма театрдың режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Нұрлан Жұманиязов.

2015 жылдың мамыр айында Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай Т.Ахтановтың «Күтпеген кездесу» драмасының тұсаукесері өткізілді.

2015 жылдың маусым айында М.Байджиевтің «Тіл табысқандар» комедиясымен театрымыздың ХV маусым шымылдығы жабылды.

2015 жылдың қыркүйек айында театр әртісі Қанат Садықбеков Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Министрлігінің «Алтын белгісімен» марапатталды.

2016 жылдың сәуір айында театрымызда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнайы сахналанған Р.Отарбаевтың «Мұстафа Шоқай» драмасының тұсаукесері өткізілді.

2016 жылдың 13-сәуірінде Шымкент қаласында өткізілген «Театр көктемі – 2016» облыстық кәсіби театрлар фестивалінде театрымыз Р.Отарбаевтың «Мұстафа Шоқай» драмасымен өнер көрсетіп, «Тарихи тақырыпты үздік меңгергені үшін» номинациясымен марапатталды.

2016 жылдың мамыр айында театрымыздың актері Мұрат Құрманбеков «Ұстаз жолы» қоғамдық қорының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

2016 жылдың маусым айында Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілер» комедиясымен театрымыздың ХVІ маусым шымылдығы жабылды.

2016 жылдың қараша айында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай театрымыздың актері Айдар Наурызбаевтың сахналауындағы жазушы, драматург Р.Отарбаевтың «Мұстафа Шоқай» драмасымен Атырау қаласына гастрольдік іссапармен барып қайттық.

2016 жылдың желтоқсан айында театрымыздың актері Айдан Наурызбаев пен кадр бөлімінің инспекторы Қанткүл Айменова ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

2017 жылдың 2-наурыз күні Р.Н.Сейтметов атындағы «Өнерлі жастар арасындағы VІ қалалық көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы» өткізілді.

Түркістан қаласының сазды-драма театры өз көрермендеріне жаңа рухани маңызы бар саналы дүниелер қойып, халыққа қызмет көрсетуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*