Главная » Cаясат » Темірландағы тартымды тірлік…

Темірландағы тартымды тірлік…


Ордабасы ауданы әкімдігі мен аудандық мәслихаттың бастамасымен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері жаппай сенбілікке шығып, орталықты абаттандыруға өз үлестерін қосты. Аудан әкімі Алмасбек Мамытбеков пен аудандық мәслихат хатшысы Баймахан Сәдуақасов та бұл игі істен шет қалмай, сенбілікке белсене қатысып, бірнеше ағаш көшеттерін өз қолдарымен отырғызып тастады. Аудан басшыларынан үлгі алған елдің елеулі азаматтары да бұл күні қолдарына күрек алып, күн шуағы астында маңдай терлерін аямай төкті. Алла істеріне береке берсін!..

Өз тілшімізден

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*