Главная » Дін » Имамдар қан тапсырды

Имамдар қан тапсырды

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қан орталығы ғимаратында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі күніне орай «Бауырыңа өмір сыйла» атты тегін қан тапсыру қайырымдылық акциясы өтті. Бұл шараға қала мен аудан, ауылдық мешіттердің имамдары мен жамағаттары белсенділік танытып, жалпы саны 256 адам қатысты.

«Қан тапсыру – Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с) сүннеті әрі адам ағзасы үшін өте пайдалы болып табылады. Қасиетті Құранда: «…Кім де кім біреуге өмір сыйласа (өлімнен құтқарса), ол бүкіл адамзатты тірілткенмен тең» («Майда» сүресі, 32 аят) – деген», – деп ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек өз қанынан өзгеге бөліп беріп, шынайы жанашырлық, бауырмалдық, мейірімділік танытып, өзгеге үлгі боларлық іс жасап жатқан бауырларымызға ризашылығын білдірді.

 

Өз тілшімізден

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*