Главная » Cаясат » Қала әкімдерінің рейтингі (СӘУІР)

Қала әкімдерінің рейтингі (СӘУІР)

1.Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы, ШЫМКЕНТ қаласы

0.1Тамыз айында Ғ. Әбдірахымовтың Шымкент қаласын басқарып отырғанына 2 жыл толады. Шымкентті ресми түрде облыс орталығы деп танығанмен, оны Алматы, Астана секілді мегополистермен салыстыра қарайтындар аз емес. Оның үстіне, шаһар басшысы Ғабидолла Рахматоллаұлы қызметіне кіріскен күннен бастап қаладағы мәдениетті жандандыруға, қаланың артықшылықтарын барынша пайдаланып, кемшіліктерін жетілдіруге көшті. Жақында ОҚО-ға, нақтырақ Шымкент қаласына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев іс-сапармен барды.  Қаладағы біраз орындарды аралап шықты. Алайда, байқампаз Президент бұл жұмыс сапарында қалаға қатысты ешбір арыз-шағым айтпай, облыс деңгейіндегі атқарылатын мәселелерді ғана сөз етіп қайтты. Бұл біріншіден, қала басшысына берілген баға.

26 сәуірде еліміздегі ең басты жаңалық тарататын сайттардың бірі tengrinews.kz сайтында «Шымкент сытый. Репортаж из южного мегаполиса Казахстана» деген тақырыппен арнайы фоторепортаж жарық көрді. Мұнда қала өмірі, қала халқының мінезі, қала жұртының пікірі оқырманға рет-ретімен беріліп, оқыған жанды қалаға сүйрейтіндей Шымкент қаласының ең озық тұстары көрсетілген. Әзірге облыс орталықтарының арасында қаланы дәл осылай жарнамалау, қалаға туристер тарту үшін осындай сәтті қадамдарға бару басқалардың қолынан келетін емес. Қазір Шымкентті туризм орталығына айналдыру жоспарланып, облыс әкімдігімен арнайы жоспар құрып отыр.

Қала әкімі Шымкентте жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық деңгейін төмендетудің бірден-бір жолы – салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында жасөспірімдер спорт лигасы құрылатынын айтты. Расымен, Шымкент қаласында қылмыс көбейіп кетті. Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы жанындағы Үйлестіру кеңесінің отырысында облыс прокуроры Ибраһим Иманов Шымкент қалалық Жергілікті полиция қызметінің жұмысын қатты сынға алды. Облыс бойынша қылмыстың басым көпшілігі Шымкент қаласында тіркелетінін, жергілікті полиция қызметкерлері көзбояушылық жасап жүргенін айтты.

Шымкент қаласының өзінде 30 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Ғабидолла Әбдірахымов тұрғын үй салуға «Оңтүстік ӘКК» арқылы инвесторлар  тарту керектігін алға тартты. «Бос пайдаланбай жатқан жерлер көп. Жер иелері көпқабатты тұрғын үй салуы керек, шамасы жетпесе жерді мемлекетке қайтаруы тиіс», – деді қала басшысы.

ТҮПНҰСҚА

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*