Главная » Cаясат » ҰСЫНЫСЫМ ІСКЕ АСТЫ…

ҰСЫНЫСЫМ ІСКЕ АСТЫ…

Мамырдың мамыражай күндерін Бірлік мерекесімен қарсы алып, мереке мерекеге ұласып, қос-қосынан қуаныш сыйлап жатты. Отан қорғаушы күніне орай өткен салтанат барысында Даңқ мемориалындағы «георгий жолағына» еріксіз көзім түсіп кетті. «Сонда бұл қалай? Ұлы Отан соғысына да, Тәуелсіз Қазақ еліне де ешқандай қатысы жоқ белгілердің төрімізден орын алып жатқаны қалай?» деген сауалдар бойымды билеп, мазам кәдімгідей кете бастады. «Сабыр түбі – сары алтын» деп, іс-шаралардың аяқталуын күтіп, оған қатысқан бірқатар облыс және қала басшыларына қарай бет алдым. Өзім аса құрметтейтін облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Төлеген мен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосыновқа менің мазамды алған сауалдарымды бағыттадым. Ойларым күтпеген жерден әжептеуір талқылауға ұласты. «Алып тастаңыздар, ұят болады!» дегенді де айттым. Ақыры не керек, екі сағат өтер-өтпес «георгий жолағының» орнын өзіміздің көк жолағымыз басты. Қуаныш бойымды кернеп, мерекелік көңіл-күйім қалпына түсті. Осылайша, Шымкент «георгий жолағынан» бас тартқан еліміздегі жалғыз және тұңғыш қалаға айналды.

Әсет Әссанди.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*